Еңбегі еленген жандар

Исатай ауданының әкімі Полымбет Хасанов аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық статистика бөлімі мен аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі қызметкерлерін қабылдады.

i

dddd

i

Олар жалпыұлттық халық санағы және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Хан ордалы Сарайшық төрінде өткен «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізуде еңбек сіңірген жандар. П.Хасанов жалпыұлттық халық санағының аудан бойынша жоғары деңгейде өткенін және «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізуде облыс әкімдігінен бірқатар тапсырмалар жүктеліп, оны біздегі жауапты мамандар абыроймен атқарып шыққанын атап өтті. Аудан басшысы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастырған қызметкерлерге облыс әкімінің және өзінің алғыс хатын табыстады.

img_9639

i

i

i

i

i

i

i

Атап айтқанда, облыс әкімінің алғыс хатымен аудандық статистика бөлімінің маманы Әйгерім Ризабекқызы, аудан әкімінің алғыс хатымен аудандық статистика бөлімінің қызметкерлері Кенжебай Абдулллин, Нұрай Жұмажанқызы, Әсел Шапхатқызы, Гүлжанат Ғинетоллақызы, Гүлжазира Сағындыққызы, аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлері Саябек Шагиров, Шара Нақыпбекова, Нұрлан Төлегенұлы, Тоқсанбай Қинешұлы, Жанат Жолдасұлы, Нұрлан Әбужанұлы, Сағынбай Бақытжанов, Мейрамгүл Самиғоллақызы, Самал Ғазизқызы, Қабес Халесұлы, Асхат Дүйсенбіұлы және Исатай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуші бақылау және ұйымдастыру бөлімінің басшысы Салтанат Сейтжановалар марапатталды.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521