Еңбек заңдылығы сақталуы керек

Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маман-мемлекеттік еңбек инспекторлары Мират Байменов пен Абылай Қарабеков ауданымызда болып, мемлекеттік қызметкерлер мен кәсіп иелеріне еңбек қатынасы заңдылықтарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының облыс әкімінің орынбасары Е.Абылхановпен бекітілген кездесу кестесіне сай ауданымызға ат басын тіреген қос маман еңбек заңнамасы бойынша құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткен басқосуға аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Әбілхасымов төрағалық етті.

enb-zan26

Аудан кәсіпкерлеріне арналған бұл жиында еңбек заңнамасы мен шартын сақтау, жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы сақталуы тиіс заңдылықтар, қауіпсіздік ережелері де сөз болды. Басқарманың еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің мамандары кез келген қызметкердің еңбек шартымен танысуы және сол бойынша қызмет етуі, тиісінше жұмыс берушінің де өзіне жүктелген жауапкершілікке немқұрайлы қарамауы қажеттігін баса айтты.

– Қауіпсіздік ережелерін де естен шығармағанымыз дұрыс, - дейді Абылай Қарабеков. – Жыл сайын тіркеліп отырған жазатайым өндірістік жағдайларды саралап отырсақ, онда көбіне-көп еңбек өтілі мол, тәжірибесі де жоғары адамдар қатеге ұрынып қалып жататынын аңғарамыз. Өйткені, көп жерде ұзақ жылдар қызмет етіп жүрген адамға сенімділік басым. Оны олқылыққа бой алдырады деп ойламаймыз. Бірақ, сақтық болмаса, тәжірибе үнемі көмектесе бермейді. Мысалы, өндіріс маманы қызметі өзгерген кезде оқылуы тиіс қауіпсіздік ережелеріне аса мән бермей қалып жатады, - деген өкіл қай қызметкердің де салғырттықтан абай болуы керектігін жеткізді. Қозғалған тақырып төңірегінде кәсіпкерлер де көкейлеріндегі сауалдарын жолдап, тұшымды жауаптар алды.

Түстен кейін бұл жиын мекеме қызметкерлерінің арасында өтті.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521