Менің ойымша, бұл – Қазақстан үшін стратегиялық тұрғыда өте дұрыс қадам.
Энергетика кез келген елдің тұрақтылығы мен дамуының негізі. Бүгінгі күні біз тек өндіріс пен экономикаға ғана емес, халықтың тұрмысына да әсер ететін ең маңызды саланың жаңғыртылып жатқанын көріп отырмыз.
1,3 ГВт қуат көзі пайдалануға берілгені бұл тек сандар емес, ол жаңа жұмыс орындары, өндірістің тоқтамауы, ауыл-аймақтардың жарық пен жылуға қол жеткізуі деген сөз.
Камилла ҚҰРМАНҒАЗИЕВА,
журналист