Энергетиктердің де еңбегі еленді

Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына энергетиктердің де қосып жүрген үлестері аз емес.

Баршамызға белгілі, желтоқсан айының 22-сі - Энергетиктер күні мерекесі қарсаңында аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Әбілхасимов ауданымыздың бір топ энергетиктерін қабылдады. Жылы шырайлы қабылдауда аудан әкімінің орынбасары алдымен энергетиктерді төл мерекелерімен шын жүректен құттықтап, оларға зор денсаулық, ырыс-береке, жаңа табыс тіледі.

Қабылдау барысында бір топ энергетиктер «Атырау Жарық» акционерлік қоғамы аудандық электр энергиясы бөлімшесінің, «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы аудандық газ шаруашылығының, «ҚазақстанТемірЖолы» акционерлік қоғамы Аққыстау электрмен жабдықтау дистанциясының, «АтырауЭнергосату»ЖШС-нің және аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің еңбек ардагерлері, басшылары, жүргізушілері,электрмонтерлері, электрмеханиктері, аға шеберлері, операторлары, бөлім мамандары «Исатай ауданына - 90 жыл» мерекелік медальдарымен, аудан әкімінің және Атырау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Аяпберген Салихов

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21