Еріктілер Қызыл үйде болды

Өткен аптада аудандық жастар ресурстық орталығының ерікті мамандары Анар Шугупан мен Аида Темірова Қызыл үй елді мекеніне екі күнге сапарлатып барып, ондағы жас жеткіншіктерге, ауыл жастарына арнайы ұйымдастырылған тренинг өткізді.

Ондағы алға қойылған мақсат, ауыл жастарына білімнің қажетін, маңызын ұғындыру, еліміздің болашағы – жан-жақты ойлай білетін, қоғамды ары қарай дамытатын болашақ иелері болу үшін сапалы білім беру екендігін түсіндіру.

Екі сағатқа созылған тренинг білім мен ғылымға қатысты, сонымен қатар ұмытылып бара жатырған салт-дәстүрлерімізді негізге ала отырып арнайы ойластырылып, дайындалған қызықты ойындар түрінде өткізілді. Ауыл жастарын «Болашақ» және «Жастар» тобы болып екіге бөлініп, сайыс кезінде екі топ бір-бірлеріне түрлі сұрақтар қойып, олардың жауабын ұға түсуге тырысты. Тренингте жастары кішілігіне қарамай, өз еркімен келген бүлдіршіндер де болды. Қатысушы ауыл жастары, оқушылар өз ойларын ашық түрде ортаға салып, білуге тырысқан әр сұрақтарына жауап ала алды. Ерікті мамандар тренинг соңын жас жеткіншектердің бос уақытын қалай өткізетіндерін талқылаумен жалғастырды. Айта кетерлік бір жайт, жазды күндері табиғат аясына қыдырып келген басқа ауылдың жастары әр түрлі қоқыс қалдықтарын көптеп тастап кететінін және қазіргі таңда Қызыл үй елді мекенінде қоқыс салатын арнайы жәшіктердің мүлде жоқтығын айтып та жатты.

Шара соңында тренингте белсенділік танытқан ауыл жастары ерікті мамандардың алғыс хаттарымен марапатталды. Алдағы уақытта да мұндай тренингтер жиі-жиі өткізіліп отыратын болады дейді, аудандық жастар ресурстық орталығының ерікті маманы Анар Шугупан.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521