Ерболат Махашов – Аққыстау ауылының жаңа әкімі

суреттер автордікі

 

Бүгін аудандық «Жалын» мәдениет үйінде Аққыстау ауылдық округінің жаңа әкімін таныстыру рәсімі өтті. Салтанатты жиынға ауыл активі, ардагерлер, мекеме басшылары қатысты. 

Аудан әкімі Нұрым Мусин мен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қабыл Губашов  жаңа басшыны ресми түрде таныстырып, оның алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкес, 2025 жылғы 13 шілдеде өткен сайлау қорытындысы бойынша, Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен Аққыстау ауылдық округінің әкімі болып сайланып, Махашов Ерболат Нұрлыбекұлы ресми түрде тіркелді. 

Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қабыл Рамазанұлы  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9 тармақшасына, 45-бабына, 46 баптың 3-тармағына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы, сайланған әкімге Орталық сайлау комиссиясы бекіткен үлгідегі куәлікті табыстады.

 

 

Жаңа әкім - Ерболат Махашов 1987 жылдың 23 наурыз күні Исатай ауданы, Аққыстау ауылында дүниеге келген. Жоғарғы білімді. 2009 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы Исатай аудандық білім бөлімінде экономист болып бастаған.  2011-2012 жылдары Исатай аудандық қаржы бөлімінің бас маманы, 2012 жылы Исатай ауданы әкімінің көмекшісі, 2012-2013 жылдары Исатай аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, 2013-2014 жылдары Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімінің бюджет және бухгалтерлік есеп секторының бас маманы, 2014-2017 жылдары Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімінің экономика және коммуналдық мүлікті басқару секторының меңгерушісі, 2017-2022 жылдары Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімінің коммуналдық мүлікті түгендеу, басқару және заңды тұлғалармен жұмыс жасау секторының меңгерушісі, 2022-2023 жылдары Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімінің экономика және бюджетті жоспарлау, коммуналдық мүлікті түгендеу, басқару және заңды тұлғалармен жұмыс секторының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2023 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Исатай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарды. Отбасылы.

 

Еркебұлан ЗИНЕДЕНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT