Ерболат Нұрсәт «Жыл жүйрігі» атанды

Исатай ауданында «Жыл жүйрігі – 2019» атты спорт жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті.

jiljui

«Барыс» балалар-жасөспірімдер денешынықтыру даярлық клубының ұйымдастыруымен өткен шара шымылдығы ашылысымен «Барыстың» жыл бойы атқарған жұмысы мен аталған клубта тәрбиеленіп, республикалық, облыстық сайыстардан оза шауып, бәйге алған балғын спортшылардың бағындырған белестері бейнеролик арқылы көрермен назарына ұсынылды. Одан соң сөз кезегі аудан әкімі Марат Мурзиевке жолданды.

jiljui1

jiljuir

- Әр жылдың аяғында әр сала өз қорытындысын шығарады. Сол сияқты бүгін ауданымыздың жас спортшыларының жетістіктерін қорытындылау шарасында тұрмыз. Жалпы 2019 жыл еліміз үшін табысты жыл болды. Спорт саласы да жемісті сәттерімен есте қалды. Соның ішінде біздің аудан да оң нәтижелерден жетті деп айтуға толық негіз бар. Себебі, осы жылы жас, ересек, ардагер спортшыларымыз деңгейлі додаларда топ жарып, абыройымызды асқақтатты. Олардың ішінде қол күресінен Алмагүл Қанатова қол күресінен әлемді бағындырса, Бұрхан Оралбеков самбодан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Ал, осы «Барыс» БЖДДК-ның қызметкері Еркебұлан Қуанғалиев әлем чемпионатында топ жарып, құрлық чемпионы болса, жасөспірімдер арасында Абылайхан Мейрамбекұлы да Азия чемпионатының алтын алқасын тағынды. Бұл - біздің аудан үшін үлкен жетістік. Бұған ұстаздардың, яғни, бапкерлердің қосар үлесі зор, ал, балаларды баптауда, жалпы аудан спортын дамытуда «Барыс» клубының еңбегін ерекше атай кеткен жөн, - деді аудан басшысы Марат Мурзиев. Құттықтау сөзінен соң өңір басшысы аудан спортының дамуына үлес қосқаны үшін бір топ азаматқа алғыс хатын ұсынды.

jiljuir3

Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айбатыр Бекішұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлайна Құрманғалиева, «Барыс» клубының директоры Асхат Жұмабеков клуб бапкерлері мен жас шәкірттерді марапаттады. Шара соңында аудан әкімі жас дзюдошымыз Ерболат Нұрсәтті үздік деп танып, болашағынан көп үміт күттіретін спортшыға «Жыл жүйрігі – 2019» наминациясын табыстады.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521