Дарынды балаларға арналған облыстық ұлттық гимназияның базасында «Арнайы білім беру үдерісін дамыту:ерекше білім беру қажеттеліктері бар балаларға білім беру, түзету, оңалтудың заманауи әдістері» тақырыбында атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияда көтерілген маңызды мәселе – ерекше балалар үшін арнайы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету жолдарын қамтамасыз ету. Мүмкіндігі шектеулі балаларды сапалы біліммен қамту. Ерекше білімді қажет ететін балалардың еркіндігі мен әлеуметтік интеграциясын, олардың жеке мүмкіндіктерін есепке ала отырып, толыққанды өмір сүрулеріне қажетті арнайы, инклюзивті білім алу құқығын беру конференцияда жасалынған баяндама мен әңгіменің арқауына айналды.
Дәулетқали АРУЕВ