Ерекше балаларды -спорт шыңдайды

Республика күніне орай Исатай аудандық  Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде алғаш рет “ASSAD”дзюдо клубының ұйымдастыруымен “Біргеміз” атты спорттық шара өткізілді.


Бұл іс-шараға аудандық  "Жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымның күндіз болу бөлімшесі" мен "білім бөлімінің N°4 психологиялық - педагогикалық түзеу кабинетінің" балалары арнайы шақыртылды.Мұнда ерекше балалар спорттық жаттығуларды тамашалаумен ғана шектелмей, татами төрінде жаттықтырушылармен бірге жаттығу жасап, жақсы көңіл-күй сыйланып, бір серпіліп, әсер алып қайтты.
Аудандағы алғашқы осындай форматтағы шараның өту мақсаты- мүмкіндігі шектеулі балаларды спортқа шақыру,қоғамдағы орындары бар екенін көрсету,болашақта параолимпиада жүлдегерлерін шығару еді.

- Бұл аталған дзюдо спорт мектебі тамыз айынан бастап өз жұмысын бастап келеді. Қазіргі таңда Аққыстау ауылы бойынша 120 оқушы тіркеліп, уақытылы дайындық өткізіп жүрміз. Одан бөлек осы спорт мектебінің филиалы Зинеден ауылынан да ашылып, қазір 60 жуық бала саны қатысуда. Әрмен қарай, осындай дзюдо спорт мектебінің қатарын Қызылүй елдімекені,Нарын ауылы мен Томан елді мекені сияқты шалғай ауылдарда көбейту жоспарда бар.Мақсат сол, мүмкіндігі шектеулі балаларды спортқа қызығушылығын арттырып,баулу.Аудан намысын қорғайтын үздіктерді, чемпиондарды шығару.Спортшылар бойындағы ерлік пен табандылық қасиеттерін шыңдайды. Сонымен қатар, өздерінің құқықтары мен мүмкіндіктерінің тең екенін сезінетін болады.Олардың Паралимпиадаға қатысуларына мүмкіндік жасап, қызығушылығы бар баланы өз спортшыларымыздың қатарына қосамыз.
Алғашқы шарамыз өз деңгейінде жақсы өтті деп есептейміз. Ең біріншіден, осы бірауыз сөзімді қабыл алып, балалармен жұмыс жасауға мүмкіндік жасаған мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын мекеме ұжымдарына, ата-аналарға шексіз ризашылығымды білдіремін! Осы шараның өз деңгейінде өтуіне атсалысқан аудандық БЖСМ -нің басшысына, ұжымына да, басқа да ел азаматтарына алғысым шексіз, - деді "АSSAD" дзюдо спорт мектебінің негізін қалаушы Аманжол Ғалымұлы.

Сондай-ақ, іс-шараға қатысушы  әр балаға “champion_isatai_06” спорттық дүкенінің иесі Жадыра Молдаш демеушілік жасап, бала көңілге риясыз қуаныш сыйлады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521