Ересектер арасындағы футзалдан сайыс екі мерекеге арналды

Бұқаралық спортты дамыту, ересектер арасында футбол ойынын дамыту мақсатында аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен, аудандық білім бөлімінің «Барыс» балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының қолдауымен 7 мамыр– Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңістің 78 жылдығына арналған 35 жастан жоғары ересектер арасында футзалдан аудандық турнир өтті.

Футбол бәсекесіне бес құрама қатысты. Атап айтсақ, Зинеден ауылы құрамасы, Аққыстау ауылының ардагерлерінен құралған «Аққыстау-Ардагер» және Тұщықұдық ауылының құрамасы,  «Барыс 86» құрамасы мен «Қыран 88» құрама командалар бақ сынасты. 
Турнирдың ашылу салтанатына аудан әкімі аппаратының басшысы Абзал Байсалбаев, Аққыстау ауылдық округінің әкімі Ғаділ Боранбаев және аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Ерболат Насимуллин мен аудандық мәдениет, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ринат Есқали қатысты.

Құрамалар тартысты ойын көрсетіп,шын жүйріктер анықталды. Нәтижесінде ІІІ-орынға «Барыс 86» құрамасы табан тіресе, ІІ-орынды «Қыран 88» құрамасы еншіледі, ал жүледелі І-орынды «Аққыстау-Арадагер» құрамасы иеленді. Қатысушылар арасында жарқын ерекше ойын көрсеткен ойыншылар да арнайы  номинациялармен марапатталды. Атап айтсақ, Нұрым Нұреденов «Үздік қақпашы», Ерлан Қабделов «Үздік қорғаушы» және Айбол Мұханбетов «Үздік  шабуылшы» аталымы бойынша айшықталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521