ЕРІКТІ ЖАСТАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫ ҰЛЫҒЫЛАНДЫ

5 желтоқсан - еріктілер күні. Бұл мереке халықаралық мәртебеге ие және  Қазақстан аумағында ғана емес, көптеген шет елдерде атап өтіледі. «Біреуге жапқан шапаныңмен өзіңнің жүрегің жылиды» дейді дана халқымыз. Өзгеге қолұшын соза білген адамның өз өмірі әрдайым нұрлы, берекелі де мерекелі болары анық. Еріктілер немесе соңғы уақытта жиі қолдынылатын сөз –« волонтерлар» - өздерінің бос уақыттарын қоғамның игілігі үшін жұмсайтын жандар. Еріктілердің ақысыз жұмысын кез келген салада және бағытта көруге болады.  

Ауданымызда күні бүгін жастар арасынан құрылған  8 еріктілер тобы тұрақты түрде жұмыс істеп келеді.  Олар осы уақыт ішінде түрлі көптеген тақырыптардағы ізгі ниеттегі қайырымдылық  шаралар, жәрмеңкелер, кездесулер өткізіп, жергілікті тұрғындардың алғысына бөленді. Бұл еріктілер тобының қоғам игілігіне тигізер пайдасының зор екенін көрсетсе керек.  Сейсенбі күні аудан әкімдігінде осы атаулы күнге байланысты аудан әкімінің орынбасары   Нұрғайша Халидоллақызы белсенді, ерікті жастардың ата-аналарымен кездесу өткізді.

Шырайлы кездесуде аудан әкімінің орынбасары Н. Әбежан осыдан екі-үш жыл бұрынғы әлемді жайлаған пандемия  кезеңінде ауданымыздың ерікті, белсенді жастары қоғамға пайдалы қызмет етудің нағыз үлгісін  көрсеткенін тілге тиек ете отырып, осындай алғыр, зерделі жастарды тәрбиелегені үшін кездесуге қатысушы барлық ата-аналарға ризашылығын білдірді. Кездесуде ата-аналар ұрпақтарының қиналған жандарға қол ұшын беріп, бірлесе жасап жүрген қызметтері туралы ақпараттарды естіп, бір марқайып қалды.

Өздерінің пікірлерін айтып, естеліктермен бөлісті. Кездесуде барысында жастар арасынан волонтерлік қозғалысты дамыту бағытындағы белсенді жұмыстары үшін Бахитова Ақтолқын, Асан Ринат, Өмірзақ Арай, Аманкелдіқызы Еркеназ алғыс хаттармен марапатталды. Оған қоса аудан көлеміндегі ауқымды, қайырымды игі істерді жүргізуге үлес қосқан  ерікті жастардың ата-аналары Шұғыпан Нұрберген, Қуанышалиев Ермұрат, Оралбеков Бұрхан, Кемеов Асхат, Жұмажанов Мереке, Қадиров Әділжан, Алиев Ринат, Хайруллин Абай, Ибрашев Дәулетқали, Есенгелдин Ерлан, Сейтқазиев Мейрамбек, Есеев Теміржан, Сүлеумұханов Қалжігіт, Губашев Мұратбек, Тлеков Самат, Сұлташев Алжан, Сейнеғалиев Бердібек, Жапнбырбаев Жұманқұл да алғыс хаттарға ие болды.. Шара соңында ерікті жастардың ата-аналары рақметтерін айтты. Шараны аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Халидоллақызы қорытындылады. 

 

                                Жұлдыз СЕМБИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521