Еріктілерді барынша қолдаймын – Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстанда еріктілер қызметі жан-жақты дамып келе жатыр. Бұл туралы Халықаралық волонтерлер форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Бүгінгі форумға еліміздің әр түкпірінен және шет елдерден еріктілер арнайы келіп отыр. Халықаралық ұйымдардың өкілдері, мәртебелі меймандар қатысып отыр. Бәріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін. Кешеден бері өзекті мәселелер талқыланды. Жиынға қатысушылар ой-пікірлерін ортаға салды, ұтымды ұсыныстар айтты. Тиімді жобаларын таныстырып, тәжірибе бөлісті. Мұның бәрі игі істерді жалғастыруға зор мүмкіндік береді», - деді Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстанда еріктілер қызметі жан-жақты дамып келе жатқанын баса айтты.

«Бұған мемлекет тарапынан қажетті жағдай жасалып жатыр. Мен өзім еріктілерді барынша қолдаймын. Сіздердің табанды жұмыстарыңызды жоғары бағалаймын. Осы саладағы барлық бастамаларды қолдаймын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT