САҒИДОЛЛАЕВА Мансия Сағидоллақызы, Атырау облысының Жастар ресурстық орталығының басшысы:
– Жастар – ел болашағы, қоғамның қозғаушы күші деген сөздің мәнін шын жүрекпен сезінетін бір адам болса, ол жастардың ортасында жүріп, солармен бірге өсіп, бірге дамып келе жатқан мен өзімді мақтанышпен айтар едім. Қазіргі таңда Атырау облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы қызметін атқарып келемін. Бұл менің жүрегіме жақын, рухани жауапкершілігі биік миссия деп есептеймін. Себебі бұл орталық тек кеңсе емес, жастардың арманына жол ашатын, идеяларына дем беретін, қоғаммен байланыстыратын алтын көпір. Жастармен жұмыс істеу жолындағы алғашқы қадамдарымды университет қабырғасынан бастадым. Студент кезімде еріктілер қозғалысына белсенді араласып, «Асу Үміт» атты қайырымдылық қорына жетекшілік еттім. Сол кезде 200-ге жуық студенттің басын қосып, мұқтаж жандарға қолұшын созу арқылы үлкен қайырымдылық шараларын ұйымдастырдық. Бұл – менің жастармен жұмыс істеудегі алғашқы мектебім әрі шын ықыласпен көмектесу – өмірлік қағидам болып қалыптасты.
Жалғасы газеттің №31 (4244) санында
Еркебұлан ЗИНЕДЕНОВ