Еркебұлан «Үздік әдістер» рейтингісінің алдыңғы қатарынан орын алды (+ВИДЕО)

Исатайлық самбошы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Еркебұлан Қуанғалиев Сербия елінде өткен әлем біріншілігіндегі «Үздік әдістер» рейтингісінің алғашқы қатарынан орын алды.

Сербияда самбо күресінен өткен әлем чемпионатының «Үздік әдістер» рейтингісі жарияланды. Әлемдік бәсекеде өнер көрсеткен Исатай ауданының мақтанышы Еркебұлан Қуанғалиевтің ақтық сындағы орыс палуанына қарсы қолданған әдісі Топ-10 күрес тәсілінің бесінші қатарынан орын алды. Бұл - әлемдегі белді спорт сарапшыларының оң бағасына ие болды деген сөз. Еркебұлан қарсыласын аяғымен өзінен асыра лақтырған осы әдіспен есеп ашып, алғашқы 4 ұпайды қанжығалаған еді.

Айта кетейік, Сербияда өткен әлем біріншілігінде ересектер арасында жауынгерлік самбодан Еркебұлан Қуанғалиев күміс жүлдегер атанса, самбо күресінен жасөспірімдер арасында Абылайхан Мейрамбекұлы алтыннан алқа тағынған болатын.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521