Ертең, яғни, 21 маусым күні Атырау облысы аумағында ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы басталады.
Басталады дейтін себебіміз, бұл сын бұрынғыдай бір-ақ күнде өте шықпайды, түлектердің денсаулығын сақтау мақсатында, карантиндік шектеу шаралары шеңберінде 3 күнге созылады. Исатай ауданы да білім науқанына сақадай сай дайын. Ол жайлы аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлайна Құрманғалиева айтып өтті.
– Исатай ауданы бойынша ҰБТ-ға 216 бала қатыспақ. Күні ертең басаталатын білім сынағы 3 күн бойы өтеді. Алғашқы күні 51, келесі күні 81, ал, ҰБТ-ның соңғы күнінде 84 бала тестілеуден өтеді деп жоспарлануда. Орындар санитарлық талаптарға сай. Балалардың ішке медициналық маскамен кірулері, тиісті ара қашықтықтарды сақтаулары да жіті қадағаланатын болады, -дейді аудандық білім бөлімінің басшысы.
Оның айтуынша, аудиторияға кірерде балалардың дене қызулары өлшеніп, антисептиктермен залалсыздандырылып отырады. Бетперделер, тепловизор, санитайзер секілді сақтандыру құралдары да талапқа сай ұйымдастырылған.
Өз тілшімізден