Есірткінің таралуына жауаптылық

Есірткі мен психотроптық заттардың аса ірі мөлшерде тарату - 10 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын аса ауыр қылмыс.

Синтетикалық заттардың 1 грамнан жоғары мөлшері, аса ірі мөлшер болып саналады. 2023 жылдың 1-ші жартыжылдығында есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстар жасағаны үшін 30 адам, оның 21-і таратқаны үшін сотталды. 
Мұндай қылмыстарды негізінен жастар жеңіл ақшаға ұмтылу арқылы жасайды, олар есірткі сатумен айналысқан кезде өз іс-әрекеттерінің ауырлығын және қандай салдары болуы мүмкін екенін түсінбейді.
Мысалы, ағымдағы жылы сот үкімімен синтетикалық есірткіні таратқаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айыруға 18 жастағы жас қыз сотталды. Бұл қылмыстық әрекетке оны 20 жастағы жігіті тартқан, оған да 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Мәселенің маңыздылығын атап өтіп, азаматтарға мұқият болу, жеңіл пайдаға берілмеу және күдікті әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына хабарлау қажет.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521