Ескі футбол алаңдары жаңғыртылады

Бүгінгі таңда Атырау қаласында 50-ге жуық жартылай бүлінген шағын футбол алаңы бар. Талапқа сай күтіп-ұсталмаудың, сондай-ақ интенсивті түрде пайдалану мүмкіндігінің жоқтығынан, қараусыз қалудың салдарынан олардың бәрі дерлік жарамсыздыққа ұшыраған.

Осыны қаперге алған қала әкімдігі бұл жағдайды дұрыстап, жөнге келтіруді қолға алды. Әкімдіктің баспасөз қызметіінің мәліметінше, Қазіргі уақытта 35 шағын футбол алаңында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Реконструкциялау барысында бұл нысандардың сыртқы қоршаулары мен жасанды жасыл жабындылары ауыстырылады. Одан бөлек, адамдар отыруға ыңғайлы орындықтар қойылып, қалдықтар салынатын урналар орнатылады. Осы жылдың соңына дейін барлығы 20 балалардың ойын алаңын жаңғыртып, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ал, қалғандарында бұл бағыттағы жұмыстар алдағы жылдың алғашқы жартысында жалғасатын болады. Мердігер кәсіпорын – «Жайық-Сити» ЖШС.

Республика күні қарсаңында қаланың Авангард-2 шағынауданындағы №13 көппәтерлі үйдің ауласындағы балалардың ойын алаңын реконструкциялау жұмыстары басталды.

 

Дәулетқали АРУЕВ





Республика күні

25qazan-respublika

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика