Бүгінгі жаһандану дәуірінде Батыс елдеріндегі этносаралық және дінаралық үйлесімге қауіп төндіретін жаңа үрдістер белең алуда. Мәдени әртүрлілік пен толеранттылық бұрынғыдай қоғамдық тұрақтылықтың негізі болудан қалып барады.
Жаңа деструктивті күштер мен радикалды идеологиялар ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениеттер мен дәстүрлерге нұқсан келтіруде. Бұл құбылыс халықтар арасындағы өзара түсіністік пен бірлікке сызат түсіріп, қоғамның ішкі тұрақтылығын әлсіретуі мүмкін.
Осыған байланысты әлемдік қауымдастық, соның ішінде Қазақстан секілді бейбітсүйгіш елдер бұл мәселеге немқұрайлы қарамай, алдын алу шараларын қабылдауы тиіс. Қазақстан үшін этносаралық татулық пен дінаралық келісім – ел ішіндегі бейбіт өмір мен тұрақты дамудың кепілі. Сондықтан Батыстағы бұл ахуалды сабақ ретінде қабылдап, ішкі саяси тұрақтылық пен рухани бірлікті сақтап қалу – басты басымдық болуы қажет.
Ерлан МАХСОТОВ,
Жанбай ауылдық округінің әкімі


