Филиал төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының Саяси кеңесі Бюросының отырысында аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалған тұлға партия активіне таныстырылды.

Отырысты партияның аудандық филиалының төрағасы Полымбет Максимұлы ашып, бұған дейін аталған лауазымды атқарған Айбатыр Бекішұлының нәтижелі жұмысына алғысын білдірді.

«Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Ақтолқын Жақсылыққызы жаңа кандидат – Әліби Алпамысұлының өмірбаянымен таныстырды.

Полымбет Максимұлы Әліби Алпамысұлының мемлекеттік және басшылық қызметтегі тәжірибесін партия жұмысын одан әрі жақсартуға жұмсайтынына сенім білдіріп, белсенді жұмыс жасауды тапсырды.

97006760-20c2-44c5-862f-e9c567e147bf

Өз кезегінде Әліби Алпамысұлы партияның облыстық және аудандық филиалы төрағаларына, Саяси кеңес Бюросының мүшелеріне өзіне сенім артқандары үшін алғыс білдірді.

Нұрболат НҰҒМАН

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521