Француз саяхатшысы ауданға аялдады

Кеше әлемдік сән үлгісінің астанасы Париж қаласынан көне Бейжіңге велосипедпен барып келе жатқан Рида Ер-Рихани есімді саяхатшы Исатай ауданының орталығы Аққыстауға жетті.

Қонақты аудан әкімінің орынбасары Болатбек Сисатов, Аққыстау ауылдық округінің әкімі Ғаділ Боранбаев қарсы алып, қазақы дәстүрге сай дастарханнан дәм татырып, шығарып салды. Жалғыз өзі жарты әлемді шайтанарбамен аралауға бел буған 22 жасар Франция азаматы осы күнге дейін 8 мың шақырымды артта қалдырған. Барған жолын есептемегеннің өзінде кері қайтарында Бейжің қаласынан шыққан соң Моңғолия еліне өтіп, одан Үрімшіге келіп, одан әрі Қырғызстанға, сосын Алматы қаласына табан тіреп, Арал, Ақтөбе, Орал арқылы Атырауға келіп, енді Ресей еліне кетіп бара жатқан бойы екен. "Астраханға өткесін Волгоград, одан Воронеж қаласына барам, сөйтіп Украинаға өтем де, Австрия, Венгрия, Словакия, Германия арқылы өз еліме жету жоспарым бар" деді бізге. Шаң, тозаң, жел, жауынға қарамастан сағатына 30 шақырым жылдамдықтағы велосипедпен бірнеше мың шақырымдық жолға жалғыз өзі шыққан ол өзіне саяхаттау ұнайтынын айтты. Еліме барған соң жүріп өткен елдер шекарасы бойынша ең ұзақ әрі ең алыс ел Қазақстан туралы достарыма, отбасыма айтып, көрген-білгенімді әлеуметтік желіге жүктеймін деді.

COVID 19

covid

Күнтізбе

мамыр 2020
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21