Өрттің туындау себебіне не әкеп соқтыруы мүмкін?
Өрттің шығуына әртүрлі жағдайлар себеп болады. Соның бірі пісіріп жатқан астың қараусыз қалуы екендігі тәжірибе жүзінде дәлелденіп отыр. Сонымен қатар, өрт шығуына ұқыпсыздық сияқты адами факторлар және газ бен электр плиталарын дұрыс пайдаланбау да түрткі болады.
Сөйтіп, пәтер және үй иелері мен жалға пайдаланушыларының өздері кінәлі болуда. Негізінен бұндай өртке ұшыраушылардың қатарына ішімдікке әуес адамдар, сондай-ақ, өздері ас әзірлейтін балалар, ішінара зейнеткерлер мен ас әзірлеп жатқаны туралы әлдебір себептермен ұмытып кеткен үй иелері жатады. Бейқамдық пен алаңғасарлықтың салдары осындай өрттің туындауына әкеліп соғады.
Туындаған өрттен қалай құтылуға болады немесе қалай тоқтату керек?
Бірінші кезекте электр плиталары аспаптары мен газ конфоркаларын қараусыз қалдыруға, ақауы бар техниканы, әсіресе май күйде пайдалануға болмайды, газды бақылап, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.
Егер өрт басталып кетсе, бірінші кезекте оның көзін тауып, жойған жөн. Еш жағдайда да өтпе желге жол бермеңіз. Ол өрттің пәтер немесе үйді толығымен шарпып кетуіне жол ашады. Жел отты жайса, оттегі оны күшейтеді. Және ең маңыздысы – үрейге бой алдырмаңыз, оның еш көмегі жоқ. Бар күш-жігеріңізді отты жоюға бағыттаңыз.
Су- ең жақсы өрт сөндіргіш. Егер мүмкіншілік болса, суды бөлмелерге шашу үшін шланг немесе басқа да заттарды қолдану қажет. Отты шелекпен сөндіру көп уақыт алатындықтан, өрттің жайылып кету қаупі зор болады. Егер тұрмыстық аспаптан от шығып, оны желіден ашырату мүмкіншілігі болмаса, су оның ондан әрі жайылуына әкеп соқтырады. Оны қалын затпен жацып сөндірген дұрыс. Ол үшін қалын матаны пайдаланыңыз. Егерде от көп жайылмаса, оны оқшаулай аласыз, ол үшін жылдам әрекет еткен жөн. Жанған пердені жерге жұлып алып қалын матамен жапсаңыз, одан ешбір кесір келмейді.
Егер сіздің отты сөндіруге қауқарыңыз жетпесе, онда өрт қызметін шақырыңыз. Жеке заттарға келер болсақ, бірінші кезекте құжаттарыңызды құтқарыңыз. Өйткені дивансыз, кіреберіс бөлмедегі ілгешексіз сіз өмір сүре алсаңыз, ал құжатсыз қалу қыйынға түседі. Ақша туралы да қам жеген жөн. Егер жану кезінде пәтерде балалар қалған болса, бірінші кезекте оларды қауіпсіз орынға шығару қажет.
Уланудан құтылу үшін не істеу қажет?
Кемінде үш айда бір рет ас үйдегі желдеткіштің жарамдылығын тексеру керек (мәселен, бір парақ қағаз немесе майшамның көмегімен); кемінде жылына бір рет газ плитасын кәсіби маманға тексерту керек, коммуналдық қызметтерден екі жылда бір рет түтін жолдарына алдын ала бақылау жасауды талап етіңіздер, пәтерді ұдайы желдетіп отырыңыз.
Уланған жағдайда өзінді қалай ұстау керек?
Тұншықтырғыш газбен уланған кезде зардап шегушіні көміртегі оксидіне толы пәтерден немесе үйден шығару қажет; оның тыныс алу жолдарын тексеру керек (ауыз қуысын әртүрлі бөлінген, құсық заттарынан тазалау керек); қауіпсіз түрде жанбасына жатқызып, басының шалқайып кетпеуіне көңіл аударған дұрыс. Сонымен қатар, зардап шегушінің таза ауамен тыныс алуын қамтамасыз ету үші терезені ашу керек; тыныс алмаған жағдайда жасанды түрде тыныс алдыру және жүрекке жанама массаж жасау қажет; жедел медициналық көмекті міндетті түрде шақырыңыз.
Исатай аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі