Газетке жазылуға бастама көтерді

Аудандық "Нарын таңы" газетінің шыққанына 70 жыл толуына байланысты өткізіліп жатқан мәдени шара бүгін Тұщықұдық ауылында жалғасты.

Бұл шарада ауыл тұрғындары, оқырмандар, еңбек ардагерлері алдыңғы ауылға қарағанда көбірек жиналды. Шарада алдымен аудан әкімнің орынбасары Нұрғайша Әбежан құттықтау сөз сөйлеп, ауданның қоғамдық-саяси айнасының ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуында, еліміздің  саясатын түсіндірудегі, ұлтымыздың менталитетін көркейтуде журналист қаламгерлер мен газет қызметкерлерінің орасан зор еңбек сіңіріп жатқанына айрықша тоқталды.

Аудан әкімі орынбасарының пікірін  Тұщықұдық ауылдық округінің әкімі Айбатыр Бекішұлы одан әрі жалғастырып, редакция ұжымына алғыс хатын ұсынды.
Бұдан әрі мінберге көтерілген аудандық "Нарын таңы" газеті бас редакторының міндетін атқарушы А. Салихов, ардагер М.Өтеғалиев, өлкетанушы, тарихшы М. Насиханов, ауылдық ардагерлер кнңесінің төрайымы К. Каюмова, ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Б.Қуандықова,  газет қызметкері, ақын Ж.Дәулетияр т.б өз ой-пікірлерімен, ұсыныс-тілектерімен бөлісті. Кеш соңы сазды концертке ұласты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT