Геологиялық барлауды жаңғырту – ұлттық ресурстық саясаттың негізгі бағыты

 

Геологиялық барлау жұмыстарын күшейту – еліміздің стратегиялық дамуындағы аса маңызды міндеттердің бірі. Қазақстан жер қойнауы табиғи ресурстарға бай болғанымен, олардың нақты қоры мен әлеуеті толық зерттеліп біткен жоқ. Әсіресе, жаңа кен орындарын анықтау, бұрын зерттелген аймақтарды қайта қарап, олардың экономикалық құндылығын бағалау мәселесі күн тәртібінен түспей келеді.

Бүгінде Қазақстанда ауқымды аэро-геофизикалық зерттеулер соңғы рет шамамен жарты ғасыр бұрын жүргізілгені белгілі. Сол уақыттан бері ғылым да, техникалық мүмкіндіктер де, зерттеу әдістемелері де едәуір өзгерді. Сондықтан қазіргі талапқа сай жаңғыртылған, әрі жоғары дәлдіктегі зерттеулерді бастау – табиғи ресурстарымызды тиімді игеру үшін өте қажет қадам.

Заманауи цифрлық құралдар мен инновациялық геологиялық технологияларды қолдану арқылы еліміздің жер қорының толық, жан-жақты және жаңартылған картасын жасау уақыты келді. Мұндай карта геологиялық құрылымдарды тереңірек түсінуге, пайдалы қазбалардың орналасуын дәл анықтауға, стратегиялық ресурстарды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.

Бұл бастама тек экономикалық пайда әкеліп қана қоймай, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, экологиялық қауіпсіздікті сақтау, ұлттық мүддені қорғау сияқты маңызды бағыттарды да қамтиды. Геологиялық барлау жұмыстарының күшеюі еліміздің ресурстық әлеуетін айқындап, болашақ инвестициялық жобаларға жол ашатыны сөзсіз.

 

Асылан ҒҰБАШ,

Исатай ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT