Үгіт-насихат пойызы Аққыстауда болды

 Республикалық «Менің Туым – менің Отаным» атты патриоттық акциясы аясында "Нұр Отан" партиясы Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен жолға шыққан ақпараттық үгіт-насихат пойызы Исатай ауданының орталығы Аққыстау ауылында болды.

Облыстық заң кеңесшілері палатасының кәсіби заңгерлері, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандарынан құралған топты партияның аудандық филиалы төрағасы, аудан әкімі Марат Мурзиев бастаған құрам қарсылап алды.

 aktsiya-2

«Менің туым – менің Отаным» атты патриоттық акциясы қазан айында Алматы қаласынан бастау алған болатын. Күні бүгін аталмыш акция еліміздің ұлы мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында ауданымызға ат басын бұрып отыр. Бұл жалпы қазақстандықтарға, соның ішінде жастарға патриоттық тәрбие беретін, ұл-қыздарымызды туын, мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге шақыратын шара деп есептейміз, - деді аудан әкімі Марат Мурзиев.

 aktsiya-3

Одан соң «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жанындағы саясаттанушылар орталығының мүшесі Лесқали Бердіғожин сөз алып, Тәуелсіздігіміздің ең басты нышаны саналатын Туымызды дәріптеуге арналған шараға жиылған исатайлықтарды келе жатқан мерекемен құттықтап, әр азаматтың жадында жүруі және құрметтеуі тиіс болған мемлекеттік рәміздердің сипаты мен мазмұнына тоқталды.

 aktsiya-4

«Қазақстан Теміржолы» Ұлттық компаниясы АҚ «Атырау облыстық магистальдық желі бөлімшесі» филиалы директоры Елеубай Сапаров Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиевке салтанатты түрде Туымызды табыстады.

Акцияның салтанатты бөлімінен соң аудандық «Жалын» мәдениет үйінде саясаттанушылар орталығының ашық лекциясы мен көшпелі қабылдау өтіп, тұрғындарға медициналық қызмет көрсетіліп, жастар үшін шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT