Аққыстау орта мектебінің психологі Гүлдәурен Меңдіғалиева ауданның мерейін үстем етіп, талай байқаулардан жүлделі оралып жүр.
Жуырда ол Республикалық “SAMURYQ" орталығының ұйымдастыруымен өткен тұңғыш Қазақстан педагог-психологтарының форумына белсене қатысып, жақсы нәтиже көрсеткені үшін Құрмет грамотасымен және де "Қазақстанның үздік психологі" төс белгісімен марапатталды. Бұл дегеніміз тынымсыз еңбектің, үлкен ізденістің нәтижесі.
Айта кетейік, сондай-ақ Гүлдәурен Қазақстанның педагог-психологтар одағының мүшесіне қабылданды.
Сағыныш Қайыр