Грек-рим күресі: Халықаралық турнирде қазақстандық екі балуан алтын медальға таласады

Германияның Дортмунд қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен «Grand Prix of Germany» халықаралық турнирінде қазақстандық екі балуан екі салмақта алтын медальға таласады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Германияның Дортмунд қаласында грек-рим күресінен «Grand Prix of Germany» халықаралық турнирі 12 тамызда басталды. Биыл 38-ші мәрте жалауын желбіреткен дүбірлі додаға 23 мемлекеттен балуандар келді.

12 тамызда алдын-ала белдесулер өтіп, финалға жолдама алған балуандар анықталды.

Ел құрамасынан Марлан Мұқашев (55 келі) енді финалда украиналық Никита Дементьевпен бас жүлдені сарапқа салады.

Ал Айдос Сұлтанғалидің (60 келі) финалдағы қарсыласы - АҚШ балуаны Эльдар Хафизов.

Сондай-ақ, жұбаныш белдесуінде Ибрагим Магомадов (72 келі) қола жүлдеге таласса, Демеу Жадраев (77 келі) пен Ерұлан Ысқақов (97 келі) француз балуандарымен кездеседі. Тағы бір балуанымыз Әлімхан Сыздықов (130 келі) литвалық Ромас Фридрикаспен жұбаныш белдесуінде бағын сынайды.

Еске салсақ, күрес түрлерінен әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық балуандар белгілі болды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT