Иммундаудың маңыздылығы мен өзекті мәселелері

◾Иммундау – бұл адамның иммунитетті иелену үдерісі немесе вакцина енгізу арқылы жұқпалы ауруларға қарсы төтеп бере алуы. Вакцина жұқпалы аурудан немесе инфекциядан адам организмінің иммундық жүйесін қорғауға себептеседі.

Иммундау өмірге қауіп төндіретін инфекциялық аурулармен күресудің немесе оларды жоюдың құралы болып табылады. Мәліметтерге сүйенсек, иммундау жыл сайын 2-ден 3 миллионға дейін өлім жағдайының алдын алуға мүмкіндік береді. Бұл тіпті халықтың ең осал тобына иммундау қолжетімділігін қамтамасыз ететін стратегиялармен тексерілген денсаулық сақтау саласындағы инвестициялар тұрғысынан ең тиімді түрі. Нақты анықталған мақсатты топтар бар; шығу бригадалары арқылы иммундауды орында жүргізу мүмкіндігі бар; вакцинациялау үшін өмір салтын айтарлықтай бір бағытқа өзгертудің қажеті жоқ.

◾Иммундау - денсаулық сақтаудың ең табысты және тиімді әдістерінің бірі. Ол адамның және жалпы халықтың денсаулығын сақтауда үлкен нәтижелерге қол жеткізуге және жыл сайын 2-ден 3 миллионға дейін өлім жағдайының алдын алуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта балаларды дифтерия, сіреспе, гепатит, кене энцефалиті, қызылша сияқты 5 жасқа дейінгі жаста өлім жағдайына әкелетін аурулардан қорғауды қамтамасыз етеді.

 

 

Мақат аудандық санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының бөлім басшысы    А. Асанова

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521