Индер ауданындағы 4 канал жөнделіп жатыр

Атырау облысында егін шаруашылығы мен төрт түлікті сумен қамтуға мүмкіндік беретін арналар жөнделіп жатыр. Соның төртеуі Индер ауданының аумағында орналасқан, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Индербор кенті және Бөдене ауылдық окуругіне қарасты «Алғабас-Жорық» каналы 1968 жылдан бері жұмыс істеп тұр.  Арнадағы 15 шаруа 119 гектар жерге егін  салып, жеміс ағаштарын өсіруге пайдаланып отыр. Ұзындығы 64,7 шақырымды құрайтын суару-суландыру жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал Көктоғай ауылдық окуругінің аумағындағы «Ақсай» каналының бойында 7 кәсіпкер 164 гектарға егін егіп отыр. 80 шақырым болатын каналды жөндеу жұмыстары 2022 жылы басталған еді. Қос  арнаны жөндеу жұмысы жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. 

- Аталған округтердегі төрт-түліктің бәрі осы каналдардан  су ішеді. Себебі құмдағы құдықтардың суы тартылып, ашып кеткен. Тағы 2 каналды қазып, судың өту қабілетін арттыруға тырысып жатырмыз. Олар: ұзындығы 102,3 шақырым «Бағырлай» және 51,7 шақырым ға созылып жатқан «Құрайлы Сай» . Бұл екі каналды жөндеу жұмысы толықтай келер жылы аяқталады деп жоспарланып отыр, -  деді Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы Мәмбетқали Құсайынов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT