Интернет-алаяқтықтың саны едәуір артты

Алаяқтық дегеніміз – өткен заманнан бері адамзат баласымен бірге жасап келе жатқан қылмыстардың түрі.

Ол қоғамның жағдайына байланысты түрленіп, дамып, жаңа сипатта көрініс беріп жатады. Соған орай, алаяқтықтың бүгінгі таңдағы жаңа бір сипаты – ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты өмірге келген интернет-алаяқтық болып отыр және оның түрлері де күн өткен сайын кең таралып, көбейіп келеді.

Интернет-алаяқтық деп – ақпараттық жүйені пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемденуді айтамыз. Яғни, бұл жерде қылмыскер компьютер, смартфон, планшет секілді заманауи құралдардың көмегімен интернет арқылы адамдарды алдап-арбап, олардан ақша бопсалау, мүлкін жымқыру секілді құйтұрқы айлалы әрекеттерге барады.

Интернет алаяқтық қылмыстарын ашуда көптеген проблемалық мәселелердің бар екендігі бәрімізге белгілі. Тағы да бір интернет алаяқтық қылмыстарын ашылудағы себептер екінші деңгейлі банктерге сұраулар салынып олардың орындалыстары туралы мәлімет күтілуі және де қылмыс жасалған орын ШҚО Өскемен және Алматы, Қарағанды қаласы және тағы да басқа ҚР аумағығ одан қалса басқа өңірлер Ресей, Украина елдері аумағынан қылмыстар жасалғандығы себеп болып отыр 

Төмендегідей қарапайым шараларды сақтау интернет-алаяқтардың құрбаны болмауға мүмкіндік береді:

- Расталмаған сату көздерін пайдаланбаңыз:
- Кез келген жағдайда сіздің банк карталарыңыздың және шоттарыңыздың мәліметтерін ешкімге бермеңіз, әсіресе интернет арқылы байланысқан кезде:
- Интернет жүйесі арқылы  келген сілтеме бойынша өткен кезде мекенжай жолына, яғни акция жүргізетін ұйымның не компанияның  ресми атауының дұрыстығына назар аударыңыз;
- Әлеуметтік желілердегі өз профильіңіздің дербестігін баптауларда байланыс деректерін (қызметтік және жеке телефон номерлерін)көпшілікке қол жетімді етпеген жөн. Мобильдік нөмерді (бизнес-аккаунт) көрсету қажет болған жағдайда, жеке және жұмыс номерлерін бөлу қажет, яғни жеке номерді туыстармен  және жақындармен  байланысу үшін ғана пайдаланған дұрыс.
- Есептік деректеріңізді үнемі тексеріп көп факторлы аутентификация пайдаланылатын сенімді порольдерді қолданыңыз;
- Браузерде, операциялық  жүйеде және мобильдік құрылғыларды пайда болатын түрлі терезелермен хабарламаларға қатысты абай болыңыз;
- Банк карталарының деректерін сақтап, картаның сыртқы жағындағы 3 санды  CVV/CVC-кодын ешкімге айтпаңыз сондай-ақ банктен келіп түсетін  СМС-кодты ешбір жағдайда бейтаныс адамға айтпаңыз;
- Интернетке қол жеткізудің ашық қоғамдық Wi-Fі-нүктелеріне сенбеңіз;
- Жеке деректерді, жеке куәлік деректерін, банк карталарының деректерін және тағы басқа мәліметтерді қамтитын құжаттарды, банк карталарының көшірмелері мен фотосуреттерін ешкімге жіберменіңіз және таратпаңыз;
- Интернетте, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы жасалатын күмәнді мәліметтерден бас тартыңыз:
- Интернет-порталдар арқылы мүлікті сатып алу кезінде ешқашан алдын ала келісім жасамаңыз:
- Төлем жүйелерімен белгісіз тұлғаларға ақша аудармаңыз:
- Автомобилдерді, басқа қалаға арналған қосалқы бөлшектерді сатып алғанда, достарыңыз бен таныстарыңызға айтып, сатушымен кездесуге және сатып алынған өнімді тексеруді өтініңіз.
- Бопсалаушылардың телефон бойынша талаптарын орындамаңыз;

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521