Елімізде соңғы жылдары ақпараттық жүйелерді пайдалану жолымен жүзеге асырылатын алаяқтық қылмыстар күн сайын артуда.
«Интернет-алаяқтық» - деп аталатын қылмыстың бұл түрі жәбірленушілердің ақпараттық жүйелерде және әлеуметтік желілерде жиі таралатын жалған жарнамалар мен хабарландыруларға, әлеуметтік желілерде таралатын чаттарға, ақшаларын қосымша үстем ақы пайызбен қайтарып беретіні туралы жалған ақпараттарға сенім бірдіріп, оларға ақша салып алданып қалу себебінен туындап отыр.
Сонымен қатар «Интернет-алаяқтық» қылмыстар olx.kz, kolesа.kz, krisha.kz, market.kz, Whatsаpp, Telegramm қосымшаларында қызметтер мен тауарларды сату, жұмысқа орналастыру және т.б. жарнамаларды жариялау арқылы жасалады.
Алаяқтар өздерінің құрбандарын тауарлар мен қызметтерге тиімді баға ұсыну арқылы электрондық әмияндарға (qiwi, яндекс-әмиянға және т.б.) алдын ала төлемді немесе толық төлемді аударуды талап етеді.
Алаяқтардың арбауына түспеу үшін.
- алдын ала төлемдер жасамау;
- жеке құжаттағы мәліметтер мен банк картасындағы мәліметтерді (CVV-код, құпия сөз), аударымдар туралы квитанцияларды, кодтар мен құпия сөздерді бөгде адамдарға бермеу;
- интернеттен күмән туғызатын қосымшаларды ұялы телефонға жүктемеу;
Исатай ауданының прокуратурасы