Инвестиция – экономиканың жаңа бағыты

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында инвестиция тарту мәселесіне ерекше назар аударылуы – уақыт талабынан туындаған маңызды қадам. Шынында да, қазіргі әлемдік экономика жағдайында инвестиция үшін бәсеке күшейіп отыр. Сондықтан Қазақстан үшін жаңа инвестициялық кезеңді бастау – стратегиялық маңызы бар міндет.

Президент атап өткендей, бүгінгі таңда елімізге тартылып жатқан инвестициялардың басым бөлігі шикізат секторына бағытталған. Бұл – экономиканың белгілі бір деңгейде тұрақтылығын қамтамасыз ететін фактор. Алайда ұзақ мерзімді даму үшін өңдеу өнеркәсібі мен жоғары технологиялық салаларды дамыту басты басымдыққа айналуы тиіс.

Осы тұрғыда Үкіметтің инвестициялық саясатқа жаңаша көзқараспен қарауы – орынды әрі қажетті шешім. Әсіресе, жоғары технологияларға бағытталған инвестицияларға қолайлы жағдай жасап, жеңілдіктер беру – экономиканың құрылымын әртараптандыруға жол ашады. Сонымен қатар мемлекеттің инвестициялық жобалары мен жеке сектордың ірі бастамаларын қатар қолдау – ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Президент Жолдауында көтерілген бұл бастамалар Қазақстан экономикасын жаңа сапалық деңгейге көтеріп, тұрақты әрі инновациялық дамуға негіз болары сөзсіз.

 

Серік Жанбота Серікқызы,

Исатай аудандық оқушылар үйінің бейнелеу пәні мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT