Инвестицияға сұраныс — тұрақты өсім кепілі

 

Қаражатты тиімді жұмсау үшін оның нақты қай салаға, қандай мақсатпен және қанша көлемде қажет екенін анықтау аса маңызды. Бұл — ел экономикасының стратегиялық дамуындағы басты қағидалардың бірі. Себебі қаржының бағыт-бағдары айқындалмай, нәтижелі жобаға жұмсалмаса, ол ел байлығын арттырмақ түгілі, тиімсіз шығынға айналады.

Осы тұрғыда «инвестицияға тапсырыс» жүйесін енгізудің мәні зор. Мұндай тәсіл нақты өндірістік сұраныс пен өңірлік қажеттілікке сүйенеді. Яғни, қай аймаққа қандай өндіріс, қандай кәсіп, қандай технология қажет екенін дер кезінде айқындау арқылы артық тәуекел мен тиімсіз жобалардың алдын алуға болады.

Жоспарлы әрі сұранысқа сай бағытталған инвестиция – тұрақты экономикалық өсімнің, жаңа жұмыс орындарының және халық тұрмысының жақсаруына негіз болатын маңызды фактор. Мұндай жүйе кәсіпкерлікті қолдап қана қоймай, мемлекет қаржысының әр тиынын нақты нәтижеге бағыттауға мүмкіндік береді.

Инвестиция — ел дамуының қозғаушы күші. Ал оны дұрыс жоспарлау мен нақты сұранысқа бейімдеу – экономикалық тұрақтылық пен болашақ өркендеудің басты кепілі.

 

Асылан ҒҰБАШ,

Исатай ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Республика күні

AQPARATPRINT