Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында айтылған маңызды бағыттардың бірі – инвестиция тартуда мемлекет пен бизнестің үйлесімді серіктестігін нығайту. Мемлекет басшысы инвестиция тек ірі жобалармен шектелмеуі керек екенін баса айтып, шағын және орта бизнестің де дамуына ерекше көңіл бөлінуі қажет екенін атап өтті. Себебі бұл – ел экономикасының мызғымас тірегі.
Ірі инвесторлармен қатар, орта және шағын инвесторлармен тұрақты әрі тиімді жұмыс жүргізу – жаңа жұмыс орындарының ашылуына, кәсіпкерліктің дамуына және өңірлердің әлеуетін көтеруге тікелей әсер етеді. Шағын кәсіп иелері – жергілікті тұрғындарға жұмыс беріп отырған, ел ішінде нақты пайда келтіріп отырған негізгі буын.
Мемлекет бұл бағытта инфрақұрылымдық қолдау, қаржылық жеңілдіктер мен заңнамалық реттеу тетіктерін оңтайландырып отыр. Бұл – кәсіпкерлікті дамыту арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған нақты қадам.
Инвестициялық климаттың жақсаруы мен жаңа жобалардың іске асуы – еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін басты факторлардың бірі. Сондықтан мемлекеттік саясаттың бұл бағыты қоғам үшін аса өзекті әрі уақтылы көтерілген мәселе деп сеніммен айтуға болады.
Нұрдәулет АТЕЛОВ,
Исатай аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы