Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында атап өткендей, шетелдік және отандық инвесторларға ұсынылатын салық жеңілдіктері тек нақты пайда әкелетін, экономикалық маңызы зор жобаларға ғана берілуі керек. Бұл – инвестициялық саясаттың басты ұстанымы болуы тиіс. Себебі салықтық артықшылықтар – мемлекет үшін үлкен жауапкершілік. Олар ел бюджетінен тыс шығындарды білдіреді. Сондықтан әр жеңілдік мұқият сараланып, тиімділігі дәлелденген жобаларға ғана ұсынылуы қажет.
Салық жеңілдіктерін дұрыс бағыттау – өндіріс көлемін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, шағын және орта бизнесті дамытуға серпін береді. Бұл өз кезегінде халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына тікелей әсер етеді. Инвесторлар үшін де түсінікті әрі тұрақты салық саясаты бизнеске сенімділік пен ұзақ мерзімді жоспар құруға мүмкіндік береді.
Президенттің бұл бастамасы – инвестициялық климатты жақсартып қана қоймай, ұлттық мүддені басты орынға қоюдың айқын көрінісі. Яғни, елімізге келген әр инвестор ел дамуына нақты үлес қосуы тиіс. Бұл – Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігін сақтаудың және орнықты дамуға жетудің басты жолы.
Айгүл АДИЛОВА,
Зинеден ауылдық округінің әкімі