Тұщықұдық ауылындағы Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Іңкәр Айсабекқызы бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған ауқымды науқанның жеңімпазы атанып, iPhone 16 смартфонын иеленді. Әрине бұл тек бір отбасының қуанышы емес, ауыл-аймаққа жеткен үлкен сүйінші.
Halyk Bank пен Visa компаниясы биылғы жазда балаларға арнап тосынсыйға толы жоба ұсынған болатын. Маусымнан тамызға дейін созылған «Halyk Easy» картасы иелеріне арналған ұтыс ойыны оқушылардың жазғы демалысын қызыққа, ал жеңімпаздарын үлкен арманға бөлеп берді. Апта сайын бағалы сыйлықтар үлестіріліп, ең басты жүлде – Disney Land-ке жолдама әлі талай баланың қиялын тербетіп тұр. Ал Іңкәрдің жеңісі – сол арманға жетудің алғашқы қадамы сияқты әсер қалдырды. «Halyk Easy» жобасы ең алдымен балалардың қаржы сауаттылығын арттырып, олардың ақшаны дұрыс басқару дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Әрбір ұтысқа қатысқан оқушы өз қаржысына жауапкершілікпен қарауды үйреніп, белсенділігі мен ынтасын шыңдады. Іңкәрдің жеңісі осы бастаманың ауыл балаларына да қолжетімді екенін, ынталанған әрбір жастың үлкен мүмкіндікке ие бола алатынын айқын көрсетті.
Мектеп қабырғасында ұйымдастырылған шағын салтанатта Халық банкінің аудандық басқарма басшысы Болатбек Кушалиев оқушыға сыйлығын табыстап, анасы Лианна Аубекероваға гүл шоғын ұсынды. Шәкірттің қуанышын бірге бөліскен ұстаздар мен сыныптастары оны мақтанышпен құттықтап, ауылға жеткен қуанышты сәттің куәсі болды.
-
Біздің отбасымыз үшін бүгінгі күннің орны ерекше. Қызымның еңбегі бағаланып, осындай үлкен сыйлыққа ие болғанына қатты қуаныштымын. Мұндай жобалар балалардың алға ұмтылуына үлкен шабыт береді екен,-дейді Іңкардың анасы Лианна алғысын білдіріп.
Марапаттау жиыны барысында Болатбек Кушалиев оқушыларға Halyk Bank-тің жаңа бастамасы – «Баға ал да, бонус ал!» акциясы туралы да мәлімет берді. Бұл жоба 2025 жылдың 2 қыркүйегінен бастап 2026 жылдың 31 мамырына дейін жалғасады. Шарт бойынша 2–11 сынып оқушыларының бір ай ішінде Kundelik немесе Bilimal платформаларына кем дегенде бір рет 10 балл алған бағасы тіркелсе, автоматты түрде ұтыс ойынына қатыса алады. Әр айда 1 000 оқушы 100 000 бонус ұтып алуға мүмкіндік алады. Нәтижелер ай сайын Instagram-дағы ресми тікелей эфирде жарияланып отырады.Бұл жаңа акция оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, жақсы оқуға ынталандыратыны сөзсіз.
Осылайша, Halyk Bank пен Visa компаниясы ұйымдастырған жазғы ұтыс ойыны өз мәресіне жетті. Енді бар үміт – қыркүйек айында жарияланатын Париж сапарында. Жаңа оқу жылында басталған «Баға ал да, бонус ал!» акциясы жас өрендерге тағы да тың мүмкіндіктер әкелмек.
Камилла ҚҰРМАНҒАЗИЕВА