Өңірде «Worldskills Atyrau-2021» чемпионаты бастау алды

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өңірде VI «Worldskills Atyrau-2021» чемпионатының ашылуы өтті, деп хабарлайды коммуникациялар қызметі.

Іс-шараның басты мақсаты – жұмысшы мәртебесін арттыру, кәсіптік-техникалық білім беру саласына ерекше көңіл бөліп, жастарды аталған салаға тарту. Шараға облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы өкілдері және жұмыс беруші әлеуметтік серіктестер қатысты.

- 24-28 мамыр аралығында өтетін чемпионатқа облыстың 19 колледжінде білім алатын 170-ке жуық студент қатысқалы отыр. Биылғы чемпионаттың бір ерекшелігі құзыреттілік аясының кеңеюі. Осы жолы қатысушылар 33 құзыреттілік бойынша бақ сынайды. Студенттер арасында үздіктер мен мықтыларды республикалық жарысқа алып барамыз. Республикалық додада кем дегенде 3 алтын алуды жоспарлап отырмыз, – деді облыстық Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Ербол Хамзин.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз