Өңірлік кадр резервінің мүшесі жаңа лауазымға тағайындалды

 Исатай ауданының әкімі Нұрым Мусиннің 29 шілдедегі өкімімен, өңірлік кадр резервінің мүшесі Есқали Ринат Нәбидоллаұлы Исатай аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымына конкурстық іріктеусіз қабылданды, - деп хабарлайды «Нарын таңы» газеті.

​Есқали Ринат Нәбидоллаұлы - 1989 жылы 4 шілдеде Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі жоғары. 2012 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «География» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2012 жылы Атырау қаласы Еркінқала орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2013 жылы Атырау қаласы Еркінқала орта мектебінде география пәнінің мұғалімі;
2014-2016 жылдары Атырау қаласы Еркінқала орта мектебінде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; 2016-2019 жылдары Исатай аудандық білім бөлімінде әдіскер; 2019-2020 жылдары Исатай аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы; 2020-2023 жылдары Исатай ауданы әкімінің кеңесшісі; 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. Отбасылы.
 
Айта кету қажет, өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту, жас басқарушылардың өңірлік пулын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған резервке өңір бойынша 25 адам алынды.

Резервшілер жергілікті атқарушы органдардағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органның келісімі негізінде тікелей тағайындала алады.

 Еркебұлан УӘЛИТХАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT