Өңірлік тұрақтылық пен серіктестіктің сенімді платформасы

 

Тәжікстан астанасында өткен екінші «Орталық Азия – Ресей» саммиті — аймақ елдері мен Ресей арасындағы стратегиялық байланыстардың жаңа кезеңін айқындаған маңызды оқиға болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінен Қазақстанның өңірлік саясаттағы ұстанымы айқын аңғарылады: басты мақсат – тұрақтылықты сақтау, өзара сенім мен тең серіктестік негізінде ықпалдастықты тереңдету.

Мемлекет басшысы атап өткендей, Орталық Азия – әлеуеті зор, дамуға бағыт алған аймақ. Бұл кеңістіктің әлемдік үдерістердегі рөлін арттыру үшін көрші елдер арасындағы саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайту қажет. Қазақстан осы жолда бастамашыл әрі жауапты әріптес болып келеді.

Тоқаевтың «Ресей – Қазақстанның стратегиялық серіктесі әрі одақтасы» деген пікірі де аймақтық саясаттың шынайы бағыт-бағдарын көрсетеді. Тарихи тамыры ортақ, экономикалық байланысы терең мемлекеттердің бір-біріне деген сенімі мен өзара қолдауы – геосаяси тұрақтылықтың негізгі кепілі.

Бұл саммит — диалог алаңы ғана емес, болашаққа ортақ бағдар қалыптастыратын тұғыр. Ең бастысы, аймақтағы бейбітшілік пен даму жолындағы ынтымақтастықтың арнасы кеңейіп келеді.

 

Гаухар Тулегенова
Жастар ресурстық орталығының бас есепшісі
Исатай ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT