Исатай АПБ-де бос ваканциялар бар

Аудандық полиция бөлімінде (АПБ) бос ваканциялар бар.

Нақтырақ айтсақ, 2 жол патрульдік және 6 учаскелік полиция инспекторларының,  4 сержанттық қызмет лауазымдары бос тұр. Бұл жөнінде аудандық полиция бөлімі мәлімдеді.

АПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының міндетін атқарушы Дәурен Сидахметовтың айтуынша, бұған дейін қызмет атқарып келген полицейлердің Атырау қаласына, өзге аудандардан келген қызметкерлердің тұрғылықты жерлеріне ауысуына байланысты аталған ваканциялар босап қалған. Ішкі істер органдарына қызметке үміткерлерге қойылатын басты талаптар Қазақстан республикасының азаматы болуы, Қарулы күштер қатарында қызмет өткерген немесе әскери даярлықтан өткен (жоғары білімі болған жағдайда әскери билет қажет емес), орта арнайы және жоғары білімі бар болуы, жасы 35-тен аспауы қажет.

-Қазіргі таңда полиция қызметкерлеріне көптеген жеңілдіктер бар. Тегін медициналық қызмет көрсетіледі, ІІО-дағы (Ішкі істер органы) қызмет мерзімі жеңілдік шарттарымен есептеледі, 45 күндік ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы бар және қызметтік пәтермен қамтамасыз етіледі немесе пәтер жалдауға қаржы төленеді,- дейді Дәурен Сидахметов.

Айта кетейік, үміткер МҚІА (мемлекеттік қызмет істері агентігі) бөліністерінің Тестілеу орталығында заңнаманы білуіне тест тапсыруы және жеке қасиеттерін бағалаудан өтуі қажет және үміткер сертификатымен бірге ІІО бөлінісіне келіп медициналық тексерілуге жолдама мен қажетті құжаттар тізбесін алады. ӘДК-дан (әскери дәрігерлік комиссия) медициналық куәландырудан өтіп, құжаттарын жинап, бөлініске тапсырады. Сондай-ақ дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер (жүгіру, белтемірге тартылу, әйелдерге кешенді күш жаттығулары) тапсырып, конкурстық комиссия өткізетін үміткермен әңгімелесуден кейін ІІМ-нің білім беру ұйымында арнайы бастапқы оқытудан өтіп, тәмамдау нормативтерін және оқу пәндерінен тест тапсырып, оқуды тәмамдағаннан кейін қызметке қабылданады.

Нұрболат НҰҒМАН

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT