Исатай ауданында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттарының сайлауы басталды. №128 сайлау учаскесінде Мемлекеттік Әнұран орындалғаннан кейін сайлау комиссиясының төрағасы Парух Кабиев жиналғандарға салтантты түрде дауыс берудің басталғанын жария етті.
-Бүгін еліміздегі басты саяси науқанда, азаматтарымыз өздерінің сайлау құқықтарын жүзеге асыратын болады, соған барлық мүмкіндіктерді жасап, қызмет көрсетуге дайынбыз,-деді ол.
Аталған учаскеде сағат 7.00-ден бастап жергілікті тұрғындар сайлау учаскесін бетке алды. Күн шыға келушілер қатары көбейіп келеді. Бәрі көңілді. Сайлау комиссиясы төрағасының айтуынша, мұнда 1297 сайлаушы тіркелген екен.