Исатай аудандық ішкі саясат бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Аудан әкімі П.Хасановтың 12 қыркүйек күнгі  №182 өкімімен аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болып Амиров Серік Ибрагимұлы тағайындалды.

 

Ол 1989 жылы 13-наурызда Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі-жоғары.

2008 жылы Атырау инженерлік гуманитарлық институтының колледжін заңгер мамандығы бойынша,

2010 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін экономика мамандығы бойынша,

2013 жылы Батыс-Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесі бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы Исатай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде заңгер болып бастаған.

2009-2010 жылдары Исатай аудандық құрылыс бөлімінде заңгер;

2010-2011 жылдары Исатай аудандық қаржы бөлімінде маман;

2012-2018 жылдар аралығында Исатай аудандық мәслихатының аппаратында бас маман;

2018 жылдың 24 мамырынан күні бүгінге дейін Исатай ауданы әкімі аппаратының кадр қызметі және персоналды басқару бөлімінің басшысы қызметін атқарып келген.

Отбасылы.

Бұған дейін аталған бөлімді басқарып келген Махмутов Арманбек Амантайұлы 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ҚР Президентінің жанындағы

Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасына 2 жылдық мерзімге оқуға қабылданған болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521