Исатай аудандық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры тұрғындармен кездесті

Исатай аудандық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрым Мусин Тұщықұдық ауылдық округіне қарасты Н.Үлкенбайұлы атындағы мәдениет үйінде жергілікті тұрғындармен кездесті.

Басқосуды ауыл әкімі Айбатыр Бекішұлы ашып, кездесудің негізгі мақсатына тоқталып өтті. Одан әрі кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрым Мусин сөз алып, жергілікті тұрғындармен кәсіпкерліктің негіздерімен бөлісті, жеке тәжірибесін зерттеді, бизнес бастаудағы қиындықтар мен жетер жетістіктер туралы және бизнесті қалай жүргізу керектігі, сондай-ақ кәсіп ашуға ниетті жандарға мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз гранттар туралы әңгімеледі.

d

- Адам белгілі бір жұмысты қолға аларда өзінің қалауымен қатар, өз болмысы мен мінезін де ескерген жөн. Яғни ананың істегенін мен де істей аламын деп, зорығудың қажеті жоқ. Әркімнің өзінің қолынан келетін, келмейтін дүниелері болады. Сондықтан, өмірде өз жолыңды тауып, кәсібіңнің шыңына шығуға тырысқан жөн. Ол үшін бүгінде мемлекет тарапынан қайтарымсыз гранттар ұсынылуда, кәсіп бастаудың қыр-сырын үйрету мақсатында әр түрлі кәсіпкерлікке қатысты оқытулар болып, түсінік жұмыстары әрдайым жүргізіліп келеді. Мүмкіндікті әрқашан оңды пайдаланған дұрыс, - дейді Нұрым Мусин.

d

Сондай-ақ кәсіпкерлер палатасының директоры тұрғындардың қиындықтардан қорықпауын, арман мен мақсатты айыра білуді, кәсіпкерлікті бастаудың маңыздылығы туралы әңгімеледі. Кәсіпкер деген кім, оның жауапкершілігі қандай деген сұрақ төңірегінде, кәсіпкерліктің бағыттары туралы айтып өтті. Кездесуге жиналған тұрғындардың басым бөлігі жастарды құрады.

dsc_0138

Өз кезегінде ауыл жастары көкейде жүрген сұрақтарын қойып, оларға маман тарапынан тұщымды жауап берілді. Тұрғындардың көпшілігі тігіншілік, кондитерлік тағамдармен айналысу, тұрмыстық қажетті заттарды сатылымға шығару, тұрғындарға жедел қызмет көрсететін қандай да бір құрылғыларға қол жеткізіп, сапалы қызмет түрін ұсыну бағытындағы кәсіп түрлеріне қызығушылық танытатындарын білдірді.

Жиын соңында ауыл әкімі Айбатыр Бекішұлы тұрғындармен кәсіпкерлік саласының қыр-сырын бөліске Исатай аудандық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрым Мусинға өзінің ризашылығын білдіріп, ауыл тұрғындарын өз кәсіптерін ашуға жұмыстануға шақырды.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521