«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II Қазақстан Республикасы заңының 10 және 18-баптарына сәйкес VІІ шақырылған аудандық мәслихаттың хатшысы аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХIІІ сессиясын шақыру туралы өкім етті.
Сессия жұмысы аудандық әкімдіктің мәжіліс залында өтеді.
Сессияның өтетін уақыты: 2021 жылғы 30 қараша, сағат: 11:00
Тұрақты комиссиялардың біріккен мәжілісі:
2021 жылғы 30 қараша, сағат: 10:00
Сессияның күн тәртібіне енгізілетін мәселелер:
- Исатай ауданы мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №354-VI «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хабарламашы: А.Сапаева – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы
- Басқа да ағымдағы мәселелер
Аудандық мәслихаттың аппараты