Исатай аудандық полиция бөлімінде – жаңа басшы

Исатай аудандық полиция бөліміне жаңа басшы тағайындалды. 

Атырау облысы Полиция департаменті бастығының бұйрығымен Исатай аудандық полиция бөлімінің бастығы лауазымына полиция подполковнигі Бимуханов Данияр Бимуханұлы тағайындалды.

Бөлімнің жаңа басшысын жеке құрамға облыстық Полиця департаменті бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Байдосов Әділхан Теміржанұлы таныстырды.

284148492_733646438064468_8478940414164484816_n

Данияр Бимуханов 1985 жылы Махамбет ауданында дүниеге келген. ҚР ІІМ Семей заң колледжінің түлегі. Еңбек жолын 2005 жылы Махамбет аудандық полиция бөлімінде анықтаушы қызметінен бастады.

2019 жылдан күні бүгінге дейін Жылыой АПБ бастығының бірінші орынбасары әрі криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы қызметін атқарған.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521