Исатай аудандық Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы сайланды

Исатай ауданында жаңадан сайланған аудандық Қоғамдық кеңестің бірінші мәжілісі өтті.

Мәжіліске аудан әкімі Полымбет Хасанов пен аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Мұханбеталиев те қатысты.

Мәжілісті аудандық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының басшысы Лиза Мутянова ашып, күн тәртібінде ұйымдастыру (қоғамдық кеңестің төрағасын, алқа мүшелерін, тұрақты комиссия мүшелерін сайлау) және аудандық Қоғамдық кеңестің Ережесін бекіту мәселелері қаралды.

Аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы болып, ауданның білім беру саласына еңбек сіңірген, мемлекеттік қызмет жүйесінде де басшылық қызмет атқарған, ауданның әлеуметтік, қоғамдық-саяси дамуына үлесін қосып жүрген қоғам белсендісі,  ардагер  Ерболат Насимуллин сайланды.

Ал, Қоғамдық кеңестің алқа мүшелері болып Ерболат Насимуллин, аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Абежан, «Атамекен» ҰҚП Исатай ауданы бойынша филиалының басшысы Нұрым Мусин, зейнеткер Құрманғали Мұқтаров, «Нарын таңы» газетінің тілшісі Жоламан Даулетияр сайланды.

Сондай-ақ Қоғамдық кеңестің экономикалық және әлеуметтік мәселелер, заңдылықты сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі тұрақты комиссия мүшелері сайланды. Атап айтсақ, экономикалық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия мүшелігіне Нұрым Мусин, аудандық фермерлер қауымдастығының төрағасы Самат Есенов, аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Арманбек Махмутов, әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия мүшелігіне зейнеткер Құрманғали Мұхтаров, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ кәсіподақ комитеті төрағасы Кенжебай Айдарбеков, аудандық қорғаныс бөлімінің азаматтық қызметшісі Лена Төлегенова, Аққыстау ауылдық округінің әкімі Ғаділ Боранбаев сайланды. Ал, Нұрғайша Абежан, Исатай ауылдық клубының меңгерушісі Салауат Меңдіғазиев, Жоламан Даулетияр заңдылықты сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі тұрақты комиссияның мүшелері болып сайланды.

Мәжілісте екінші мәселе бойынша «Аудандық Қоғамдық кеңестің Ережесі» бірауыздан бекітілді.

Аудан әкімі Полымбет Хасанов Қоғамдық кеңестің жаңадан сайланған мүшелеріне алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі. Азаматтық қоғамның пікірін білдірудегі билікпен арадағы іс-қимылдарын мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың қазақстандықтарға арнаған Үндеуіндегі Қазақстанның жаңа даму жолы бағыттарымен сабақтастыра жаңа арнаға ұштастыруларына   тілектестігін білдірді.

Негізгі мәжіліс аяқталғаннан кейін Кеңес мүшелерінің қатысумен аудандық Кеңес алқасының кеңейтілген мәжілісі өтті. Алқа мәжілісінде Қоғамдық кеңеспен 2021 жылғы 3 желтоқсанда бекітілген 2022 жылға арналған Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, қазіргі жағдайда ауданымызда өзекті болып тұрған мәселерді нақтылауға, бұл бағыттағы қоғамдық пікірлерді зерделеуге назар аудару қажеттіліктері ұсынылды.             

Жансих МАШТАХОВ,

Исатай аудандық Қоғамдық кеңестің хатшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT