Исатай аудандық соты төрағасы «Нарын таңын» құттықтай келді

Исатай аудандық соты төрағасы «NARYN TANY» газеті редакциясы ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтай келді.  

Аудандық газет редакциясы ғимаратына баспасөз қызметкерлерін арнайы құттықтай келген Исатай аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы Жазира Мухаметова ұжымға шығармашылық шабыт тілеп, Құттықтау хаты мен гүл шоғын табыстады.

«Сот жүйесіндегі жаңалықтарды насихаттауда, өзекті құқықтық түсіндіру, сот қызметінің мазмұнды мақалаларын халыққа қолжетімді ақпараттарды жариялаудағы белсенді жұмыстарыңызға тәнтіміз. Сол үшін де газеттің бас редакторы Н.Нұғманов бастаған ұжымға шығармашылық табыс және мықты денсаулық тілейміз» деді Жазира Мухаметова.

Газеттің бас редакторы Нұрболат Нұғманов сөз арасында соттардың БАҚ өкілдерімен байланысын атап, халыққа сенімді және пайдалы ақпарат таратуда бірлескен жұмыстың жалғасты болуын тіледі.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521