Исатай аудандық сотына жаңа төраға тағайындалды

Бүгін Исатай аудандық сотына жаңа төраға тағайындалды.

Жаңа сот төрағасын аудан активіне таныстыру үшін Атырау облыстық сотының төрағасы Бауыржан Жұмағұлов ауданымызға арнайы іс сапармен келді. Жиынды ашқан Бауыржан Жұмағұлов Исатай ауданынында ерлігімен ел есінде жатталған батырлар, өлең өлкесінде өзіндік өзгеше өрнекпен елді елең еткізе алған ақындар, қаламды жандарына серік еткен қарымды қаламгерлер, аузы дуалы абыз ақсақалдар және елдің дамуына елеулі үлес қосқан еңбек қайраткерлерінің көптеп өмірге келгенін және бұл өңірді киелі өңір санайтындығын жеткізіп, аудан активіне жаңа сот төрағасы болып тағайындалған Мерлан Құсайыновты таныстырды.

_dsc0004

Өз сөзінде облыстық соттың төрағасы жаңа сот төрағасының қысқаша еңбек жолына тоқталып, оның өзіне жүктелген міндетті үлкен жауапкершілікпен атқарып, сот төрелігін жүзеге асыру кезінде әрдайым әділдік пен бейтараптылық қағидатын ұстанатынына сенім білдірді.

452

Бұдан соң сөз кезегін алған аудандық соттың жаңа төрағасы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жолындағы күрделі де жауапты қызметті адал атқаруға ант етіп, өзіне сенім артқан облыстық соттың төрағасы мен аудан жұртшылығының көңілінен шығуға тырысатынын жеткізді.

ewrrewrewrewrew

_dsc0012

Айта кетейік, Мерлан Құсайынов Исатай ауданының тумасы. Ол бұған дейін Батыс Қазақстан облысы, Теректі аудандық сотының судьясы болып қызмет атқарды.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521