Исатай аудандық сотында жартыжылдық жұмыстардың қорытындылары бойынша брифинг өтті.
Брифинг барысында 2021 жылдың І жартыжылдығында Исатай ауданы бойынша сот ісінде атқарылған жұмыстар, істердің сотқа түсу көрсеткіштері айтылып, қорытынды баяндама жасалды.
Ағымдағы жылдың алты айында атқарылған жұмыстардың есебін берген Исатай аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы Жазира Мұхаметова 2021 жылдың І жартыжылдығында сотқа түскен қылмыстық істердің өткен жылмен салыстырғанда 5,6% пайызға (1 іске) кемігендігін, азаматтық істер өткен жылмен салыстырғанда талап арыздардың түсу деңгейі 60% пайызға (57 іске) артқанын және әкімшілік істердің сотқа түсу деңгей көрсеткіші былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28% пайызға (87 іске) кемігендігін баяндады.
Алдымен қылмыстық істерген тоқталған сот төрағасын алғашқы жартыжылдықта меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың, оның ішінде мал ұрлығына қатысты қылмыстық құқық бұзушылық туралы істердің көбейіп отырғанын айтты. Оның айтуынша, алғашқы жартыжылдықта мал ұрлығы бойынша 11 тұлғаға қатысты 3 қылмыстық іс түссе, былтыр осы кезеңде 1 тұлғаға қатысты 1 қылмыстық іс қаралып аяқталған.
- Мемлекет басшысы мал ұрлығы фактілеріне қарсы іс-қимылды күшейту қажеттігіне бірнеше рет назар аударды. Осыған байланысты, 2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық[1]процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР-ның 2019 жылғы 27 желтоқсанда заңы қолданысқа енгізілді. Осы заңға сәйкес, қылмыстық кодекс «Мал ұрлау» және «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым инспекторына қорықшыға қатысты күш қолдану» баптарымен толтықтырылып, ол үшін қылмыстық жауаптылықтар қатаңдатылды. Осы заңға сәйкес сотта қаралған мал ұрлығына қатысты қылмыстық істер бойынша тұлғаларға және балық қорғау инспекторларына күш қолдану фактісі бойынша 3 тұлғаға қатысты 1 қылмыстық іс түсіп, бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Есепті мезімде апелляциялық және кассациялық сатыда қылмыстық істер бойынша сот үкімдерінің өзгеруіне, бұзылуына жол берілмеген, - дейді Ж.Мұхаметова.
Одан әрі азаматтық істер жайында мәлімдеме жасаған сот төрағасы бұл істердің де пайыздық көрсеткіші өткен жылдың жартыжылдығымен салыстырғанда артып отырғандығын айтты.
Мәселен, өткен жылғы жартыжылдықта неке бұзу істеріне қатысты 18 талап арыз түсіп, оның ішінде 3 іс бойынша екі жақ татуласып, отбасын сақтап қалса, 10 іс бойынша некені бұзу туралы шешім шығып, қалғаны қалдықта қалған. Ал, биылғы жылдың жартыжылдық көрсеткіші бойынша неке бұзу туралы 24 талап арыз түсіп, 6 іс бітімгершілікке келу арқылы шешілсе, 13 іске қатысты некені бұзу туралы шешім шыққан. Нәтижесінде неке бұзу туралы істер өткен жылдың жартыжылдығымен салыстырғанда 33,3% пайызға артқан.
Ж.Мұхаметова бүгінде талап арыздар мен арыздар «Сот кабинеті» электронды сервисі арқылы қабылданып жатса, елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты сот отырыстары True Conf, WhatsАрр желілері арқылы толықтай селекторлық режимде қаралып жатқандығын да айта өтті.
Кабинетте заң саласымен тікелей байланысты оқулықтар, сөздіктер, әдістемелік құралдар жинақталған. Жиын соңында аудандық сот төрағасы алдағы жартыжылдыққа арналған негізгі міндеттер мен аспектілерін нақтылады
Әділбек СЫРЫМОВ