Исатай ауданы әкімі А.Салиховқа Құттықтау хат жолдады

Желтоқсанның 20-күні газетімізде ұзақ жылдардан бері Бас редактордың орынбасары-жауапты хатшы қызметін атқарып келе жатқан Аяпберген Салихов мерейлі алпыс жасқа толды.

Ауылдастарына «А.Салық» атанған Айекеңнің жарты ғұмыры газетпен етене байланысты.

Айекең - елге сыйлы, аңғалдығы басым, ақкөңіл азамат. Әңгіменің шырайын кіргізіп айтатын шеберлігі де бар. Бірнеше республикалық басылымдарда меншікті тілші де болды.

Айекеңнің азаматтығын, аудандық газетке сіңірген еңбегін ескерген аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Әбежан мен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Арманбек Махмудов редакцияға арнайы келіп құттықтады.

Туған күн иесіне жылы лебізін білдірген Нұрғайша Әбежан:

- Отыз жылға жуық уақыт аудандық газетте қызмет жасап, халыққа қажетті ақпараттарды, күнделікті жаңалықтарды, мұнайшылардың, шаруагерлердің тыныс-тіршілігін көрсетуде еңбегіңіз зор. Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бергі қиын кезеңдерді, атқарылып жатқан жұмыстарды газет бетіне түсіріп, тарихтың еншісіне кеткен уақыт белесінде қолтаңбаңыз қалды. Жазарыңыз көп болып, қаламыңыз мұқалмай, ұзақ ғұмыр кешуіңізге тілектеспін,-деді және аудан әкімі Полымбет Хасановтың Құттықтау хатын табыстады.

p

Өз кезегінде Бас редактор Нұрболат Нұғман газеттің тірегі де, жүрегі де көпжылдық еңбек өтілдері бар Аяпберген Салихов пен Жоламан Дәулетияр екенін атап, мерейлі жасты ескеріп, арнайы келіп құттықтап жатқан аудан әкімдігіне алғысын білдірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521