Исатай ауданы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Бүгін аудан әкімі Полымбет Хасанов бос тұрған аудан әкімінің орынбасары лауазымына Мұқанов Рашид Тасанұлын тағайындады.

Жаңа орынбасар жер қатынастары, сәулет және құрылыс, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы салаларына жетекшілік ететін болады.

Мұқанов Рашид Тасанұлы 1986 жылы 13-қарашада Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2008 жылы Қаржы полициясы академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Алғаш еңбек жолын 2008 жылы Атырау қаласының Оңтүстік аймағы бойынша ауданаралық қаржы полициясы басқармасының инспекторы болып бастаған. 2011-2012 жылдары «Салтанат» ЖШС-де заңгер, 2012-2014 жылдары Атырау облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының заң кеңесшісі, 2014-2016 жылдары Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы, әкімшілік және кадр қызметі бөлімінің заңгер-кадр қызметінің бас инспекторы, 2016-2017 жылдары Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы, әкімшілік және кадр қызметі бөлімінің басшысы – мемлекеттік аудитор, 2017-2020 жылдары Исатай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы және 2020 жылдан күні бүгінге дейін Исатай ауданы әкімінің аппараты басшысы лауазымын атқарып келді. Отбасылы. 2 баласы бар.

6ac6359d-b35a-461b-a744-f437f2f86510

Аудан басшысы Полымбет Хасанов тағайындау туралы өкімімен таныстырып, Рашид Тасанұлының жаңа қызметті абыройлы атқаратынына сенім білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521